23-01-21 | 13:14
Қарасай ауданында далаға қуылды деген қарияға қатысты аурухана пікір білдірді.
Қарасай ауданында далаға қуылды деген қарияға қатысты аурухана пікір білдірді

«Пациенттің туысқандары дәрігерлер берген ұсыныстарды орындамаған. 2021 жылдың 21-ші қаңтар күні әлсіздік пен ентігуі бар науқасты туысқандары  аурухананың қабылдау бөліміне алып келген»

Бұл «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Қарасай ауданы ауруханасын «Менің 70 жастағы атамды қарамай, далаға қуып шықты» деп айыптап, Қазақстан халқынан көмек сұраған Әсел ЖҰМАҒАЗЫҒА ресми мекеме берген жауап. 

Осы ретте, бұған дейін Әсел Жұмағазымен хабарласып, арнайы материал жариялаған «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты еркін пікір алаңы ретінде даулы мәселедегі екінші тарап – Қарасай  ауданаралық көпсалалы  ауруханасы берген ресми мәлімдемені де қаз-қалпында ұсынып отыр.

«1950 ж. туған науқас ШҚО, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылының тұрғыны. Пациент 7 қаңтар 2020 ж.  шұғыл түрде Үшқоңыр ауылдық  ауруханасына өкпедегі полисегментарлық пневмония диагнозымен  аурухананың жансақтау бөліміне (өкпенің 70 пайызы зақымданған) жатқызылған.

Аурухана меңгерушісі, емдеуші дәрігер және жансақтау бөлімінің дәрігерлері науқастың туыстарына пациенттің ауыр жағдайы мен  гемотологиялық диагнозын нақтылау үшін одан әрі тексерілу қажеттігі туралы ескертті. Пациент ауруханадан 21 қаңтар күні денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда қарсы көрсетілімдер болмағандықтан (сатурация 95) шығарылды. 

 Науқастың айтуынша, ауруханадан шыққан күні (21.01.2021ж) жеке бас  құжаттарын  рәсімдеу үшін, Қарасай аудандық халыққа қызмет  көрсету орталығына барған.  Пациенттің туысқандары дәрігерлер берген ұсыныстарды орындамаған. 2021 жылдың 21-ші қаңтар күні әлсіздік пен ентігуі бар науқасты туысқандары  аурухананың қабылдау бөліміне алып келген. Қабылдау бөлімінің дәрігері  эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты науқасты Үшқоңыр ауылындағы 2-ші деңгейдегі  инфекциялық стационарға жатқызатынын хабарлаған. Науқастың туысқандары оны Үшқоңыр ауылындағы 2-ші деңгейдегі  инфекциялық стационарға жатқызудан бас тартып, ауданаралық көпсалалы  аурухана бөліміне жатқызуды талап еткен. Жедел жәрдем көлігімен науқасты тасымалдау туралы берген ұсынысқа қарамастан, туысқандары науқасты қабылдау бөліміндегі сүзгіде ұстаған. 22 қаңтар күні таңғы сағат 08:00 науқастың туыстарымен кезекті әңгіме жүргізілгеннен соң,  науқас Үшқоңыр ауылындағы 2-ші деңгейдегі  инфекциялық стационарға жатқызылды.  Қазіргі сәтте жағдайы тұрақтанды,жансақтау бөлімінде ем қабылдауда», – дейді Аурухананың ішкі аудит және пациентті қолдау қызметінің басшысы З.Сатыбалдинова.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk