20-02-20 | 17:51
Қарин: Сенсация жасаудың керегі жоқ.
Қарин: Сенсация жасаудың керегі жоқ

Президенттің кеңесшісі, саясаттанушы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин Бақытжан Бұқарбай есімді азаматтың кеңес мүшелігінен шығу туралы мәлімдемесіне үн қатты.

“Ұлттық кеңес саяси ұйым я болмаса қозғалыс, партия емес. Консультативті кеңес.  Онда мүшелерге қатаң талап қоятын жарғы жоқ. Сондықтан кеңестен біреудің шыққанын я кеңес жұмысына біреудің кіргенінен сенсация жасаудың керегі жоқ” деп мәлімдеді Қарин.

Ерлан Тынымбайүлының жазуынша, ұлттық кеңестің келесі отырысы сәуірде өтеді. Ал осы және келесі аптада президент кеңес мүшелерімен кездеседі екен.

 Сондай-ақ президент кеңесшісі хайп қумай, жаңа реформаларды жүзеге асыру жолында тер төгіп еңбектену керектігін әрі қазір реформалық өзгерістерге қатысты кейбір заңдар қоғамның талқысына түсіп жатқанын, сол үшін енді басталған жұмысқа баға беру де ерте екенін айтқан.

Бүгін ұлттық кеңес мүшесі Бақытжан Бұқарбай есімді өзін баспагер деп таныстырған азамат ұлттық кеңестен шығатынын мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.