20-10-20 | 08:49
Қазақ байлары пандемия жағдайында елге қандай көмек жасады?.
Қазақ байлары пандемия жағдайында елге қандай көмек жасады?

Бүкіләлемдік пандемия адамзат өміріне өзгерістер енгізіп, қоғамның көптеген проблемаларын айқандап берді. Қиын кезде коронавируспен күресуге бизнесмендердің қомақты қаражат бөліп көмектескені белгілі. Бұл мақалада Қазақстанның Болат Назарбаев, Болат Өтемұратов, Айдын Рахымбаев сынды меценаттарының мырзалығы жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Пандемияның басында Болат Өтемұратовтың Қоры коронавирусты еңсеруге 200 миллион теңге жұмсады. Науқастармен тікелей байланыста болған медициналық қызметкерлерді қолдауға BI Group басшысы Айдын Рахымбаев 100 миллион теңге бөлді. Қайырымдылық шарадан танымал бизнесмен, “Салиқалы ұрпақ” қоғамдық Қорының негізін қалаушы Болат Назарбаев та қалыс қалған жоқ. Қордың жеке қаражатынан
COVID-19 ауыздықтауға 150 миллион теңге берілді.

Карантин кезінде халыққа көрсетілген көмек

Коронавирусты жұрт жаппай жұқтырып жатқан кезде ПЦР-тесттер ауадай қажет болды. Дәл осы уақытта Болат Өтемұратов Қоры халықты COVID-19-ға тексерту үшін “Атакент” көрме кешенінің аумағында зертхана ашты. Қайырымдылық жобалар осымен ғана шектеліп қалған жоқ. Қазіргі уақытта Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент және Петропавл қалаларында “Аутизм. Әлем бәріміз үшін ортақ” бағдарламасын жүзеге асыратын “Асыл Мирас” орталықтары сәтті жұмыс істеуде. Бұл мекемелердің мақсаты – аутизмге шалдыққан балалардың өмірін жақсарту үшін озық жүйелерді енгізу және дамыту.

Қашықтықтан білім алатын оқушыларға жасалған көмек

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне ауысқандықтан тұрмысы төмен отбасылар техникаға зәру болды. Балаларға Болат Назарбаевтың “Салиқалы ұрпақ” Қоры қол ұшын берді. Қалталы азамат Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағындағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына 1000 компьютер алып берді.
Қор басқа бағыттар бойынша да қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Мұқтаж жандар, мүгедектер және науқастар азық-түлік, киім-кешек және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Баспанаға аса мұқтаж жандарға тұрғын үйлер салынады. 2017 жылы меценаттың туған ауылы Шамалғанда қордың қаражатына 17 үй тұрғызылды. 75 үй сумен жабдықталып, инженерлік коммуникацияларға қосылды. Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде Болат Әбішұлының қоры 20 үй салуға қаржы бөліп, зардап шеккендерді азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Ауруханаға айналған қонақ үйлер

Қазақстандық ақ халатты абзал жандар үшін биылғы көктем оңай болған жоқ. Коронавирус жұқтырғандарға ауруханалар мен орын жетіспеді. Сол кезде BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Hilton қонақ үйін карантиннің қажеттілігіне берді. Бұл азаматтың қоғамның әртүрлі саласында қайырымдылық істермен айналысатынын айта кеткен жөн. Мәселен, ол жастарға сапалы білім беру мақсатында бизнесмендердің басын қосып, iQanat Қорын құрды. Ұйым ауыл балалары үшін олимпиада ұйымдастырумен айналысады. Оның жеңімпаздары отандық және шетелдік университеттердің грантына ие болады. Айдын Рахымбаев сонымен бірге “Ана үйі” Қоғамдық Қоры қамқоршылар кеңесі және SOS Kinderdorff – Балалар ауылы Қоры кеңесінің төрағасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.