23-09-20 | 18:48
“Қазақ жерін сатуға, жалға беруге ешқандай құқығымыз жоқ”.
“Қазақ жерін сатуға, жалға беруге ешқандай құқығымыз жоқ”

“Қаншама қантөгіс болып, жаулармен соғысып отырып, сойылмен, шоқпармен жерді алып қалғанда, оны біреуге сатуға, жалға беруге ешқандай құқығымыз жоқ” деді «Ауыл» ХДПП орталық аппартының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов ОКҚ өткен брифинг барысында.

«Жер дегенде қазақтың мәдениетіне қайшы қаншама сөздер, көзқарастар бар. Бұл жерді ата-бабамыз бүгінгі азаматтарымызға аманат ретінде тапсырып кетті. Қаншама қантөгіс болып, жаулармен соғысып отырып, сойылмен, шоқпармен жерді алып қалғанда, оны біреуге сатуға, жалға беруге ешқандай құқығымыз жоқ! Тіпті ата-бабамыздың алдында да, келешек ұрпақтың алдында да біз бұған бара алмаймыз.», – деді партия өкілі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk