29-12-20 | 11:30
Қазақстан ақпаннан бастап Ресейдің вакцинасын жаппай сала бастайды.
Қазақстан ақпаннан бастап Ресейдің вакцинасын жаппай сала бастайды

Қазақстан 2021 жылдың ақпан айынан бастап Ресейдің “Спутник V” вакцинасын жаппай сала бастайды. Бұл вакцина “Қарағанды дәрі-дәрмек кешенінде” өндіріле бастаған. Кешенде вакцинаның 2 млн дозасы шығарылады деп отыр.

Алайда, денсаулық сақтау министрлігі “Ресейлік “Спутник V” вакцинасы – 92 пайызға дейін, қазақстандық QazCovid-in 96 пайызға дейін тиімді екенін көрсетті” деп мәлімдеді.

Клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде сыналып жатқан қазақстандық QazCovid-in вакцинасы 19 желтоқсаннан бастап 3 мың еріктіге салына бастаған.

QazCovid-in вакцинасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин салдырғаны туралы хабар тарады.

Ресми билік не себепті Ресейдің “Спутник V” вакцинасын сатып алғанын және оны Қарағандыдан өндіріп, елге жаппай салудың қандай қажеттілігі бар екеніне түсініктеме берген жоқ.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk