ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІ МҰНАЙ ӨНДІРЕТІН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ТАБЫСЫНА ШҮЙЛІКТІ.
ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІ МҰНАЙ ӨНДІРЕТІН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ТАБЫСЫНА ШҮЙЛІКТІ

Коронавирус пандемиясынан кейінгі дағдарыс Қазақстан билігін тығырыққа тіреді. Экономика шатқаяқтады. Сөйтіп билік ел аумағында мұнай өндіретін шетелдік компаниялармен арадағы​ келісімшартты тағы бір қарап шықты. Ағылшын тіліндегі Оilprice порталы қазақ мұнайы мен дағдарыс кезінде Қазақстан жоғалтқан миллиондарға қатысты тың мәліметтерді жариялай бастады.

Басылымда жаһандық супергигант саналатын Қарашығанаққа қатысты бірнеше мысал келтірілген.

…Энергетика министрлігі 1997 жылғы 18 қарашада бекітілген «Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімі» (өнім бөлісу келісімі) аясында жатжұрттық инвесторларды қосымша қаржы бөлуге мәжбүр ететін Үкімет қаулысының жаңа жобасын дайындады.

Қарашығанақ – кеңес заманындағы геологтардың теңдесіз жаңалықтарының бірі. Аталған кен орны Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында орналасқан. Қарашығанақ солтүстік ендіктің 51-паралелінен және шығыс бойлықтың 50-меридианынан солтүстік шығыста, Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 километрде немесе Орал қаласынан 150 километр қашықтықта мұхит деңгейінен 80-130 м биіктікте орналасқан. Қарашығанақ дүние жүзіндегі 25 ірі кен орнының қатарына кіреді. Елімізде өндірілетін газдың 34% осы кен орнына тиесілі. Алайда оның көп бөлігін ауада жағып жатыр. Жалпы мұнай мен конденсат қорында 12 баррель сұйық көмірсутек және 57 текше фут газ бар…

Соңғы 15 жыл ішінде CPC Blend шикі мұнайының негізгі көзі Қарашығанақ болды. Шикізат құбыр арқылы Ресейге жөнелтіледі…

Қазақстан билігі осы кен орнындағы мұнайдан түскен табысты әлі толық алмағанын мәлімдеп отыр.

2018 жылғы келіссөздерден кейін Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны 1,111 миллиард доллар өтемақы төлеуге және ішкі нарыққа жылына 1 миллиард текше метр жеткізуге келісті…

Үкімет осы келісім көңілден шықты дегенімен, арада бір жылға жуық уақыт өткенде тағы 1 миллиард доллар өтемақы сұрады.

2020 жылдың желтоқсанында жаңа келісім жасалды. Жаңа келісімге сәйкес Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны Үкіметке 1,305 миллиард доллар өтемақы төлейді. Егер мұнай бағасы барреліне 40-50 доллар шегінде қалса, Нұрсұлтан 2037 жылға дейін 600 млн доллар қосымша табыс алады.

Жер қойнауы көмірсутекке бай Қазақстан үшін 2020 жыл сәтсіздікке толы болды. Мұнай өндірісі қысқарып, жаңа жылдың алғашқы айларынан-ақ 4 млрд долларын жоғалтты.
Қазақстан билігі мұнайдың қадірін біле бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.