23-04-21 |
Қазақстан екі уран кенішін Қытай компаниясына сатты.
Қазақстан екі уран кенішін Қытай компаниясына сатты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы  үлесінің 49%-ын Қытайдың China General Nuclear Power Corporation еншілес кәсіпорнына шамамен 435 млн АҚШ долларына сатқан. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы хабарлады.

Анықтама берсек, «Орталық» ӨК» ЖШС – Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны. Ал «Орталық» ӨК» ЖШС-на Мыңқұдық және Жалпақ уран кен орындары тиесілі.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы таратқан ақпаратта: «Мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп өз үлесінің 51%-ын сақтап қалады, ал CGNPC немесе оның үлестес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер уран сатып алуды осы кәсіпорындағы өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде жүзеге асыратын болады» делінген.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның акционерлік капиталының 75% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі, 25% «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында еркін айналымда.

Ал «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.