12-02-20 | 12:22
Қазақстан халқы азық-түлікке табысының жартысын жұмсайды.
Қазақстан халқы азық-түлікке табысының жартысын жұмсайды

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі әлем елдерінің ішінде қай елдің халқы азық-түлікке ақша аз жұмсайтынын анықтау мақсатында рейтинг түзген екен, зерттеуге ілікен 104 елдің ішінде Қазақстан 96-шы орынды иеленіпті. Яғни, Қазақстан халқы табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды (44.9%).

Айта кету керек, экономикада халықтың табысы неғұрлым төмендеген сайын, олардың азық-түлік шығындары артады деген түсінік бар.

Аталған рейтингте біздің ел гандурас, Камбоджа, Гана, Уганда сияқты Африка елдерінен кейін қалып, Камеруннан бір саты жоғары тұр.

Ал рейтингтің көшін бастап тұрған үштік: АҚШ (6.4%), Сингапур (6.9%), Ұлы Британия (8.1%) болса, Ирландия (9.0%)- төртінші, Канада (9.1%) – бесінші сатыға орналасыпты.

Рейтингтің ондығын Еуропа елдері жапқан екен: Швейцария (9.2%), Австралия (9.3%), Австрия (9.8%), Германия (10.7%), Нидерланды (11.4%).

ҚР Ұлттық Экономика министрлдігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2019 жылдың үшінші тоқсанында үй шаруашылығының жалпы шығыны 569,6 мың тг болса, оның 284,3 мың тг, немесе 49,9% азық-түлік шығыны екен.

Осылайша Қазақстан халықының көп бөлігі табысын тек қана ең керекті шығындарға ғана жұмсайды, ал ақша жинауға мүмкіндіктері жоқ деген сөз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.