Қазақстан Сауд Арабиясына бірлесіп вакцина жасауға ұсыныс жасады.
Қазақстан Сауд Арабиясына бірлесіп вакцина жасауға ұсыныс жасады

Қазақстан Сауд Арабиясына коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын бірлесіп өндіру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады сауда және индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұсыныс Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан мен Сауд Арабиясының бірлескен инвестициялық бизнес форумында айтылды.

«Егер Сауд Арабиясы тарапы қызығушылық танытса, Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу, сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігі аумағында қазақстандық вакцинаны бірлесіп өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, Алматы-Джидда бағытындағы тікелей әуе рейстері қайта жанданды. Қазақстан тарапы жуық арады Сауд Арабия елдері үшін визасыз режимді іске қосуды жоспарлап отыр.

Қозғалыс шектеулерін азайту үшін біз вакциналау паспорттарын екіжақты тану қарастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.