26-02-21 | 14:46
Қазақстанда 70 кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр.
Қазақстанда 70 кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр

Елімізде 70 кәсіпорын жұмысшыларының алдында қарызға батып, жалақы төлей алмай отыр. Компаниялардың қызметкерлеріне қарызы 837 млн теңге.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов кеңейтілген алқа мәжілісінде компаниялар қарызының көбейгеніне алаңдады.

«Өткен жылдың қорытындысына сәйкес 4,4 мың жұмыс беруші 7 мыңнан астам талап бұзушылықты жойды. 31 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды, оларға жалақы бойынша 4,2 млрд теңгеден астам берешек төленді. Дегенмен жалақы бойынша берешек мәселесі әлі де сақталуда. Биыл 31 қаңтардағы жағдай бойынша 70 кәсіпорында қарыз 837 млн теңгені құрады. Банкрот немесе оңалтудағы кәсіпорындардағы берешек ерекше алаңдаушылық туғызады, оның үлесі жалпы соманың 78% құрады», – деді Шәпкенов.

Министр кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуы мен орындалуына мониторинг жасалатынын ескертті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.