18-06-20 | 21:18
Қазақстанда екі мыңға жуық дәрігер коронавирус жұқтырған.
Қазақстанда екі мыңға жуық дәрігер коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 1,9 мыңнан аса медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

“Коронавирус жұқтырғандардың 12% медицина қызметкерлері. Бұл дегеніңіз 1904 медицина қызметкері. Олардың 30% жұмыста жүріп коронавирус жұқтырған” деді Ақтаева.

Сондай-ақ вице-министр медицина қызметкерлері арасында кадр тапшылығы бар екенін мойындаған. Оның айтуынша, кадр тапшылығы негізінен ауылды жерлерде көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk