24-02-20 | 16:40
Қазақстанда ең көп шетелдік жұмысшы Қытайдан – министрлік.
Қазақстанда ең көп шетелдік жұмысшы Қытайдан – министрлік

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының 5 266-ы Қытай азаматы. Ол жалпы елдегі еңбек мигранттарының 28% құрап, ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Бұл туралы Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресми деректерге сүйенсек 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қытайдан кейін еліміздегі еңбек мигранттарының көбі Түркия елінен екен – 1 935 (10%), ал Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) құрайды.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейтін көрінеді. Қазақстанда 8 582 (45%) шетелдік азамат осы салада қызмет етіп жүр. Тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам (12%) істесе, өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік (7%) жұмыс істейді.

Жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 137 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады.

Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 364 (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны – 2 021, оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.