31-03-21 | 10:50
Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо өтірік айтқан ба?.
Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо өтірік айтқан ба?

Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо бірнеше БАҚ-қа сұхбат беріп, онда «Қазір Қытай ДДСҰ-ның COVAX екпе саясатына қосылды. Жақында Қазақстанға Қытайдан үш миллион флакон екпе жеткізілді» деген еді.

Қытай елшісі Чжан Сяоның strategy2050.kz сайтындағы сұхбатынан алынған скриншот
Қытай елшісі Чжан Сяоның strategy2050.kz сайтындағы сұхбатынан алынған скриншот

 

Алайда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 30 наурызда Қытайдан ешқандай екпе келмегенін айтты.

«Ондай екпенің елге жеткізілгені жайлы ақпарат жоқ. Бізге ешкім қайырылған жоқ. Егер екпе жеткізу туралы қайырылса біз қарастырамыз. Қазақстанға келетін кез келген екпе елде тіркеуден өтіп, қауіпсіздік бойынша тексеру процедурасынан өтуі тиіс», – деді Цой.

Министр Қазақстан Қытайдан вакцина алу жөнінде келісімге келмегенін, қазір тек келіссөз жүріп жатқанын айтты.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.