Қазақстандық экс-шенеунік Ислам Әбішев абақтыдан шықты.
Қазақстандық экс-шенеунік Ислам Әбішев абақтыдан шықты

Пара алды деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айрылған ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев бір жарым жылдан кейін абақтыдан шығарылды. Айыпталушы жазасын  шартты түрде өтейді.  

 «Бүгін аппеляциялық санкция Байқоңыр сотының қаулысының күшін жойды. Ислам Әбішовтың өтінішін қанағаттандырды. Ол шартты түрде босатылды. Бір жыл алты ай бойы, айына екі рет құзырлы органдарға барып белгіленіп отыратын болады»,-дейді Әбішевтің қорғаушысы Ерлан Макенов.

Оның сөзінше, шартты түрде бостандыққа шығуға Әбішевтің 63 жастан асқандығы да әсер еткен. 

«2020 жылы 29 желтоқсанда шыққан заңның 72-бабына шартты түрде бостандық беруді алып тастау туралы бөлік қосылды. Қазіргі таңда бізде бұл тақырыпқа қатысты талас-тартыс болып жатыр. Алайда бұл баптың 8 тармағы бойынша ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған 63 жастан асқан азаматтарды шартты түрде жазадан бостау қарастырылған. Сот Ислам Әбішевтің жасы 65-те екенін назарға ала отырып, өтінішімізді қанағаттандырды», – дейді Макенов. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.