16-11-20 | 20:04
Қазақстандықтарды қандай мәселе алаңдататыны белгілі болды.
Қазақстандықтарды қандай мәселе алаңдататыны белгілі болды

«Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары, «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнама жүргізу штабының жетекшісі Төлеутай Рақымбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы туралы айтты.
«Қазақстандықтар сауалнамада көрсетілген 14 сұрақтан басқа, өздерін алаңдатып жүрген шешілуі мазалап жүрген басқа да проблемаларды көрсете алды. Оның ішінде 17 854 бюллетеньде қосымша мәселелерді көрсеткенін атап өткен жөн. Мысалы мыңнан астам адам сауалнамадағы 10 проблемалық мәселені белгілеген. Біріншісі – ауызсу, газбен жабдықтау және интернет бойынша – 3671 ұсыныс. Екіншісі – ауыл шаруашылығы өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жетілдіру, мемлекеттік субсидиялар санын көбейту – 2387», – деді ол.
Рақымбаев атап өткендей, үшіншісі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрамында ГМО-сы бар тауарларды сатуды болдырмау.
«Төртіншісі – ипотеканы төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, кейін сатып алу мүмкіндігін қарастырып, жалға берілетін тұрғын үй санатына ауыстыру. Бесіншісі – 2448 респондент жастар үшін жұмыс орнын ашуды, зейнеткерлік жасты төмендету арқылы оны көбейтуді ұсынды. Алтыншы – пандемияға қатысты қызметін ішінара немесе толық тоқтатқан кәсіпкерлерге 2 жылға дейін несиеден демалуға мүмкіндік беру 2141 респондент ұсыныс жасады», – деді Рақымбеков.
Оның айтуынша, сауалнамада 793 респондент тұрғын үй алу, шаруашылық жүргізу және кәсіпкерлік қызмет үшін несие бере отырып, жұмыс күші көп өңірлерден, жұмыс күші аз солтүстік өңірлерге көші-қон жүргізуді ұсынған.
«Студенттер үшін автобус пен пойыздарда, ұшақтарда жүру тарифтерін 30 пайыздан бастап 50 пайызға дейін жеңілдікті қалпына келтіру бойынша 1973 респондент ұсыныс жасаған. Мәдениет және спорт мекемелерін қалпына келтіру бойынша 1174 ұсыныс, суармалы жайылым жерлерді тиімді пайдалану туралы 1173 ұсыныс түсті», – деді ол.

Аягөз ҚҰРМАШ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk