Қазақстандықтардың Ресейде болу тәртібі өзгерді.
Қазақстандықтардың Ресейде болу тәртібі өзгерді

Мәскеу елшілігі қазақстандықтардың Ресейге кіруіне арналған жаңа ережелерді жариялады.

 

«2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам уақытқа келетін Қазақстан азаматтары ресейлік емдеу мекемелерінде нашақорлық пен инфекцияның, оның ішінде ВИЧ инфекциясының жоқтығын растатуы керек. Анықтамаларды алғаннан кейін ішкі істер министрлігінің аумақтық басқармасына тапсыру қажет. Кәмелетке толмағандардың немесе еңбекке жарамсыз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының бірі ұсына алады. Алты жасқа дейінгі балаларға мұндай анықтама қажет емес», – делінген елшілік хабарламасында.

Сондай-ақ қазақстандықтар міндетті түрде мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өтуі керек, содан кейін ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары оларға тиісті құжатты беретін болады.

«Ресейге еңбек қызметі мақсатында келген жағдайда жоғарыда аталған рәсімдер келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда 90 күн ішінде аяқталуы тиіс», – деді елшілік.

Медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде қайта медициналық тексеруден өтіп, жаңа құжаттарды ішкі істер министрлігінің аумақтық органына не электронды құжат нысанына тапсыруы қажет. 

Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.