30-04-21 | 13:48
Қазақстанға енді американдық вакцина жеткізіледі.
Қазақстанға енді американдық вакцина жеткізіледі

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина жеткізуге қатысты американдық компаниялармен келіссөздер жүргізуді бастады.

«Біз, шынымен де, жетекші америкалық компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда вакцинаны жеткізу бойынша нақты дата жоқ. Негізінен, осы жылдың екінші жартыжылдығы көрсетілуде. Келіссөз аяқталған бойда біз препараттарды жеткізу мерзімін нақтылаймыз», – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бүгінде Американың бірнеше компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцина әзірледі. Олардың арасында Pfizer, Johnson & Johnson және Moderna бар.

Қазір қазақстандықтар ресейлік «Спутник V», отандық QazVac және қытайлық Sinopharm вакциналары арасында таңдау жасай алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk