19-01-21 | 11:02
Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды.
Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды

«Тақиялы періште» атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков 85 жастан асқан шағында өмірден озды. Бұл туралы ақпаратты Алматы облысының бас дәрігері растайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы жағдай 19 қаңтарда тіркелген.

«Рас. Бүгін таңда Әлімғазы Райымбеков ағамыз қайтыс болды», – дейді Алматы облысының бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.

Әлімғазы Райымбеков кәсіби әртіс болмаса да бір ғана фильмдегі образымен артына аңыз қалдырған азамат. Ұзын саны 13  фильмге түскен. Әлімғазы Райымбековтің әрбір образынан оның жүрек түспірінде жатқан тектілік пен тазалықты аңғару қиын емес. Халқы «Тақиялы періште» деп атап кеткен құрметті азамат періште қалпымен бар қазақтың жүрегінен орын тепті.

Қазақ киносынан ойып орын алған азамат өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмысқа белсене араласып, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk