02-04-20 | 17:46
“Қоғамдық кұндылығымыздың бәрі саяси жүйемен бірге іріп-шіріген”.
“Қоғамдық кұндылығымыздың бәрі саяси жүйемен бірге іріп-шіріген”

Шалқар Нұрсейітов, саясаттанушы:

– Қазақстанда трагедия болып, кризиспен бетпе-бет келгенде қоғамда екіжүзділік пен эгоизм нормаға айналғанын жиі көреміз. Сондай кезде билік қоғамның клонындай көрінеді.

2011 жылғы Жаңаөзен трагедиясы кезінде а-ля Рашевтардың “Адайлықтардың өзіне сол керек. Әбден мастанғандар ғой!” деген сөзіне еріп, бейбіт күнде өз отандастарының оққа ұшқанын біраз қазақстандық елемеді. Мүмкін, немқұрайлық пен қорқыныштан елегісі келме(й)ді. Қордайдағы трегедияда 11 азаматымыз қаза болғанда көпшілік “Өлгендердің көбісі қазақ емес екен ғой” деді де қойды.

Коронавирус те біраз жерімізді ашып берді. Уханьдағы Қазақстан азаматтарын мемлекет елге алып келеді деген кезде “Әкелмеңдер! Өлсе, өзінен көрсін!” дегендер шықты. Жақында 432 000 қазақстандық карантинге дейін шетелге шығып кеткен деген ақпарат шыққанда отандастарын ауызы көпіріп қарғап-сілегендерді көрдік. Маскалардың бағасын аспандатып, бір сәттік пайдаға кенелуге тырысып жатқандарды да көрдік. Жақында Қызылорда мен Шымкентте коронавирус жұқтырған адамдар белгілі болғанда “Вирус жұқтырған адам қай ауданнан шығыпты? Менің туған жерім ғой. Уайымдап отырмын.” дегендер шықты. Одан қалса, коронавирус жұқтырғандарға “смертный приговор” жазып тастағандар қаншама.

Бұл ненің көрсеткіші?

Менің ойымша, осындай көзқарастар адам және оның өмірінің құны біздің қоғамда көк тиын екенін көрсетеді. Қоғамдық кұндылығымыздың бәрі саяси жүйемен бірге іріп-шіріген. Азаматтық санамыз инфант деңгейде. Біз үшін өзіміздің және отбасымыздың, ары кетсе, құда-жекжат пен рулас ағайынның өмірі ғана құнды. Бойымыздағы адамгершілік билікті жерден алып, жерге салған кезде ғана оянатын фейк-гуманистпіз. “Абайтанушысы” көп, бірақ хакімнің “Адамазаттың бәрін сүй бауырым деп” дегеніне терең бойлай алмаған қоғамбыз.

Не деген екіжүзді һәм эгоист едік…

Екіжүзділік пен эгоизмҚазақстанда трагедия болып, кризиспен бетпе-бет келгенде қоғамда екіжүзділік пен эгоизм нормаға…

Опубликовано Шалқаром Нұрсейітовым Четверг, 2 апреля 2020 г.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk