26-05-20 | 11:25
Қолөнерді дәріптеп жүрген оқушы Парижге жолдама алды.
Қолөнерді дәріптеп жүрген оқушы Парижге жолдама алды

Дарынды жастарды іздеу бүкіл әлемде әрдайым өзекті. Қазір біздің елімізде қарапайым жас адамға өз мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін жастар бірлестіктері аз емес.

Басты міндет – табысты қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру.

Әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар демократиялық қоғамды құру жастарға және тұтастай қоғамға қатысты саясатты қалыптастыруға және іске асыруға тікелей қатысуға тиіс мәдени, жоғары білімді, рухани және кәсіби дамыған жастарсыз мүмкін емес.
Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатына сәйкес жастар болашақта маңызды әлеуеттік салмағы бар халықтың қоғамдық белсенді топтарының бірі болып табылады.
«Шығармашыл жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы «Мүгедектерді оңалту орталығы Логос-Қарағанды» Қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылуда.

Бұл жобаның қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарынан дарынды жастарды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау мақсатында гранттар беруге бағытталған. Жоба аясында дарынды балаларды халықаралық және республикалық ауқымдағы 50-ден астам байқаулар мен фестивальдарға жіберу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңдерде байқауға қатысып, грант ұтып алғысы келетін дарынды жастардан өтінімдер белсенді түрде түсуде.

Осындай шығармашыл жастардың бірі Абдрахманова Аяла.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының тұрғыны Аяла жетінші сыныпта оқиды. Тек оқу озаты болып коймай, шығармашылыққа құштар. Шығарма жазу, тоқыма тоқумен қызыға айналысады және халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, неше мәрте жүлделі орындарға ие болған.

2020 жылы қаңтар айында Талдықорған қаласында өткен «Ақжелең» республикалық байқауында бақ сынап, шығарма жазудан 1-орын, қолөнер байқауынан бас жүлде иегері атанып, Париж қаласына жолдама алды.

Сонымен қатар 2017 жылы Тәуелсіздік мерекесіне арналған халықаралық фестивальде өнер көрсетіп, Біріккен Араб Әмірлігіне шақырту алған болатын.
Аяланың мектепте қолөнер көрмесі ашылып, жеткен жетістектері назарға қойылады.

«Бір орында тұрып қалмас үшін және болашақта өз орнын табу мақсатында әр түрлі байқауларға, жарыстарға қатысып, өзінің бағын сынап келеді. Менің ойымша, дәл осындай байқаулар Қазақстан үшін өте қажет. Себебі ауылдан шыққан өнерлі жастарды тек осындай байқаулардан табуға болады», – дейді Аяланың анасы.

Аяла грант ұтып алған жағдайда өзінің шығармашылығын дамытып, ұлтымыздың қолөнерін паш етуді армандайды.

Жалпы, республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысу үшін 200 мың теңге көлемінде 30 грант және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысу үшін 700 мың теңге сомасындағы 20 гранттар тартылуда. Гранттар 9 шығармашылық бағыт бойынша беріледі: музыка, хореография, театр, кино, цирк өнері, әдебиет, бейнелеу өнері, сәулет, дизайн.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk