Қордай ісі: Айыпталушылардың алды 20 жылға сотталды.
Қордай ісі: Айыпталушылардың алды 20 жылға сотталды

Бүгін қазақ-дүнген дүрбелеңіне қатысқандарға сот үкімі шықты. Үкім Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Қылмыстық іске төрағалық еткен судья Айдарбек Замбаев айыпталушылардың алдын 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта ең ауыр жаза Ботабасов Жұмахан Мамырханұлына кесілді. Ол алдағы 20 жылын абақтыда өткізеді. Айыпталушы Тоқобай Медет Талғатұлы мен Алматы қаласының тұрғыны Солтанеев Мақсат Жанаманұлы 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қордайдағы қақтығысқа кінәлі деп танылған басқа да айыпталушыларға төмендегідей жаза кесілді.

  1. Сейлханов Дидар Дүйсенбекұлы, 2 жыл шектеу жазасы,
  2. Серіков Азамат Серікұлы, 2 жыл шектеу жазасы,
  3. Калниязов Есет Сейілбайұлы, 2 жыл шектеу жазасы,
  4. Мұхтарұлы Құдырет, 2 жыл шектеу жазасы,
  5. Төкен Мейрамбек Рашидұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  6. Жәнібек Бақытжан Жолдасбекұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  7. Асқарбеков Аян Батырханұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  8. Харсанов Шамиль Багирович, 5 жыл шартты шектеу,
  9. Мыңжасаров Жасұлан Әлімханұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  10. Алмахамбет Нұрбол Асланұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  11. Аубакиров Алмас Болатбекұлы, Орташа мекемеде 5 жылға сотталсын.
  12. Мақсұтов Бақыт Тілеубергенұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  13. Мажиров Мақсат Жүрерұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  14. Жамаш Саян Сапарбекұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  15. Байке Ринат Құрманғазыұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  16. Ишкеев Сағынтай Шатырбайұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  17. Мауров Шакир Рамазанұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  18. Машанло Айдир Суалиевич, 5 жыл шартты шектеу,
  19. Дауиров Бекир Ясырович, 5 жыл шартты шектеу,
  20. Уширов Исмар Шимарович, Ақталсын.
  21. Юнху Закир Эрсманеевич, 6 жыл шартты шектеу,
  22. Шогелов Ролан Болатұлы, 5 жыл шартты шектеу (Алматы қаласының тұрғыны)
  23. Сәрсенбаев Қуаныш Досұлы, 5 жыл шартты шектеу (Алматы қаласының тұрғыны),
  24. Балғабеков Төлеген Базарбайұлы, 5 жыл шартты шектеу (Алматы қаласының тұрғыны),
  25. Әлиев Сапар Бейсеханұлы, 5 жыл шартты шектеу,
  26. Кибеков Мұрат Байжанұлы, 3 жыл шектеу жазасы,
  27. Шарабас Мақсат Қойшыбекұлы, 5 жыл шектеу жазасы,
  28. Ибраимов Бақытбек Тұрсынбекұлы, 5 жыл шектеу жазасы,
  29. Нұрдәлі Елдар Бердібекұлы, 3 жыл шектеу жазасы,
  30. Саров Харки Ракиевич, 5 жыл шектеу жазасы,
  31. Төреев Азамат Қанатұлы, кінәлі деп танылсын, 5 жыл шартты түрде,
  32. Әлімбай Ақжол Ербол, 5 жылға шартты түрде жаза кесілді.
  33. Имамбаев Нұржан Мықтыбекұлы, 5 жылға шартты түрде жаза кесілді,
  34. Телғазиев Руслан Қанатбекұлы, 5 жылға шартты түрде жаза кесілді,
  35. Бажанов Әділет Үсембайұлы, Орташа мекемеге 5 жылға сотталсын,
  36. Шинху Юсуп Мусаевич, 6 жыл шартты түрде,
  37. Дауров Эрса Мухармеевич, 16 жылға бас бостандығынан айрылды,
  38. Жүнісов Мадияр Бақытұлы, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа мекемеде өтейді.
  39. Оразбай Әнуар Жанатұлы, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
  40. Иманғазиев Ринат Жексеналыұлы, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  41. Чешонло Юбур Дауревич, 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
  42. Сангуй Щимар Гурбанович, 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
  43. Кимуров Ислам Абдулаевич, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа мекемеде өтейді.
  44. Хижин Исмар Шисырович, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа мекемеде өтейді.
  45. Хижин Мухарме Щимарович, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа мекемеде өтейді.
  46. Кәрібаев Мәрлен Қалмаханбетұлы, 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
  47. Байтенов Ерік Әлімқұлұлы, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. (Алматы қаласының тұрғыны).
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk