18-02-20 | 14:29
Қордайда полицейлерді сабаған Воингуйлер қамауға алынды.
Қордайда полицейлерді сабаған Воингуйлер қамауға алынды

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында жол полицейлерін сабап, зорлық-зомбылық көрсеткен азаматтар қамауға алынды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Бас прокуратура таратқан хабарламада: “2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе аулында жол полициясы қызметкерлерімен  патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы «Хонда Одиссей» автокөлігі тоқтатылған.  Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған. Алайда, ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған” делінген.

Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынған және іс Қордай аудандық сотына жолданған.

Ақпан айының басында Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында қақтығыс болып, 10 адам қаза тауып, көп адам жарақаттанды. Оқиғаға қатысты үкімет комиссиясы құрылып, облыс әкімі, облыс полиция департаменті басшысы ауысты.

Қордай қақтығыс қоғамда қызу талқыға түсті. Билік қақтығысқа тұрмыстық сипат беріп, кінәлілер қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді. Алайда көптеген сарапшылар қақтығыстың себебі тереңде жатқанын, оның бір себебі елдегі жемқорлық екенін айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk