11-02-20 | 21:15
Қордайдағы қақтығыс туралы Назарбаев не деді?.
Қордайдағы қақтығыс туралы Назарбаев не деді?

Бүгін қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Онда екі мәселе қаралды: Қордайдағы қақтығыс және коронавирусқа қарсы күрес. Кеңес отырысын қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев ашып, Қордайда болған жағдайға тоқталды.

Қазіргі жағдай мені қатты алаңдатып отыр. 30 жылдың ішінде халқымызбен бірге бірталай қиындықтарды бастан өткердік. Қазіргі жастар сол ауыртпалықтарды елестете де алмайды. Қазақстанда 130 кәсіпорын жабылып, 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды. Үйлерде жылу жоқ, азық-түлік тапшылығы туындады. Біз осы сынақтардың бәрінен бірге өттік.

Егер біз көпұлтты халқымызды біріктіріп, тұрақтылықты қамтамасыз ете алмасақ, бүгінде елімізге шетелдік инвестиция келмей, экономика тұралап қалушы еді. Әрине, мемлекеттік қызметкерлерге де тиісті міндеттер жүктелген, бірақ бейбітшілік пен келісімді сақтау, ең алдымен, біздің халқымыздың міндеті.

Аға буын өкілдері бұл мәселеге ерекше назар аударуға тиіс. Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге жеткізу. Аға буынның міндеті – адамдарға біздің ортақ мақсатымыз тәуелсіз, дамыған және тұрақты мемлекетті сақтап қалу екенін түсіндіру.

Ассамблея мен оның өңірлік өкілдіктері мұндай жағдайлардың алдын алып, бақылауда ұстауы керек. Бұл біздің ортақ міндетіміз, – деген Н.Назарбаев.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы Қордайдағы жағдай біршама тынышталған соң, бірнеше күннен кейін өтіп отыр. Оқиға болған күннен бастап, билік жағдайды бақылауға алды. Үкіметтік комиссия құрылды. Қордайдағы қақтығыстан кейін Жамбыл облысының әкімі ауысып, Асқар Мырзахметовтың орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Сондай-ақ Жамбыл облысы полиция басқармасының басшысы да ауысты. Және Қордай ауданы әкімі де қызметінен кетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.