17-09-20 | 11:59
«Қорғас»-тан қымқырылған қаражат қазынаға қайтарылды.
«Қорғас»-тан қымқырылған қаражат қазынаға қайтарылды

Қазақстаннан қымқырылған қомақты қаражат қазынаға қайтарылды. Бас прокуратура “Қорғас” ісі бойынша Швейцария банкінде жасырылған 390 миллион теңгенің елге аударылғанын хабарлады. Бұл ақшаны 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі Мағзұм Әбдіралиев шетелдік компанияның шотында ұстаған. “14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі “Қорғас ісі” бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 миллион теңгеден аса қаражатты Қазақстанға қайтарды”, – деді Бас прокуратура өкілдері.
Құқық қорғау органдары Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтаруды 2018 жылы бастаған. Былтыр дәл осы іс бойынша Швейцариядан 140 миллион теңге аударылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.