17-02-20 | 16:17
Қорықшы ісі: Прокурор күдіктілерді өмірбақи түрме жазасына кесуді сұрады.
Қорықшы ісі: Прокурор күдіктілерді өмірбақи түрме жазасына кесуді сұрады

Қарағанды облысындағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер сотында “Охотзоопром” инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыктың өміріне қауіп төндірген күдіктерлерге қатысты өтіп жатқан сот процесінде жарыссөз басталып, прокурор Қуаныш Жексенбаев күдіктілер: Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов, Нұрлан Шүкілдіковке өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.

Сондай-ақ прокурор күдіктерлердің сыбайластары  Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев жән Айдоса Әкімовты алты жылға соттауды сұрап отыр.

Қорықшы Ерлан Нұрғалиев браконьерлердің қолынан қаза тапқан еді. Бұл оқиғаға қатысты материалдарды төмендегі сілтемелерге өту арқылы оқи аласыз:

Браконьерлер қолынан жараланған инспектор Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірген күдіктілер ұсталды

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk