10-02-21 | 09:36
Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді.
Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді

Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов полиция қызметкерлерінің үстінен прокуратураға шағым түсірді. Шенеунік өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуын талап етті.

Осыған дейін  хабарлағанымыздай, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар туралы құжат әлеуметтік желіде тарады.

Басқарма басшысы өзіне тағылған айыпты негізсіз санайды.

«БАҚ-та, интернетте таралып отырған ақпарат – барып тұрған қауесет. Мұны қаланың көркеюіне, халық пен спортшылардың дамуына балта шабу үшін біреулер әдейі таратып отыр. Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын. Түсіндіңіздер ме?», -дейді Олег Почивалов.

Почивалов полицейлерге қарсы прокуратураға шағым жолдаған.

«Мәскеуден ресми жауап келмей жатып, біздің полицейлер бір шешімге келіп қойған. Жауап 22 қаңтарда келуі қажет болған, алайда ішкі істер органдарының қызметкерлері ақпаратты 20 қаңтарда жариялады. Мен бұған қатысты қылмыстық іс қозғалатынына сенімдімін», – дейді Почиваловтың адвокаты Евгений Яворский. 

Қазіргі таңда шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығын қайтарып алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.