Қос азаматтығы бар екінші шенеунік қызметтен босады.
Қос азаматтығы бар екінші шенеунік қызметтен босады

Қазақстанда қос азаматтығы бар екені анықталған тағы бір мемлекеттік қызметкер жұмыс орнын босатты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қос азаматтығы бар шенеуніктер туралы айтылды.

 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған жолдауынан кейін, яғни 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілер арасында қос азаматтықты анықтау шаралары белсенді түрде атқарылып жатыр.

Осы уақытқа дейін қос азаматтыққа қатысты екі факт анықталды. Біреуі – Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, екіншісі – сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік инспектор», – деді мемлекеттік қызмет істері агенттігі бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров.

Оның айтуынша, бүгінде қос азаматтығы болған екі шенеунік те мемлекеттік қызметтен босатылды. Себебі Қазақстан Конституция бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.