20-03-20 | 14:19
Қожағапанов: Келіншектер кешірсін, сарымсақ, пияз және С витаминін жеп жүрмін.
Қожағапанов: Келіншектер кешірсін, сарымсақ, пияз және С витаминін жеп жүрмін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов коронавирусқа қатысты тікелей эфирде онлайн баспасөз мәслихатын өткізді. Әкімшіліктің медиа орталығы карантинге байланысты жабылып қалғандықтан әкімнің орынбасары әкімшілік ғимаратының алдында, сыртта тұрып, онлайн түрде келіп түскен сауалдарға жауап берді.

Ол каратин уақытында қаладан қанша көлік, адам кіріп-шыққаны туралы есеп беріп, коронавирустың қауіпті екенін қайталап айтып, тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Сондай-ақ Қожағапанов вирустан сақтанудың бірден бір жолы үйде отыру екенін айтып, көп ұйықтауға кеңес берді. Оның ойынша, ұйқы иммундық жүйені күшейтеді.

“Келіншектер кешірсін, мен күнде сарымсақ, пияз және С витаминін жеп жүрмін” деген әкімнің орынбасары бүгін үш-ақ сағат ұйықтағанын айтты. Өйткені карантинге байланысты қала әкімшілігі мен аудан әкімшіліктері тынымсыз жұмыс үстінде.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk