23-01-21 | 08:50
Қуат Хамитов қарсыласын 50 секундта нокаутқа түсірді.
Қуат Хамитов қарсыласын 50 секундта нокаутқа түсірді

Қуат Хамитов ресейлік Максим Пантелеевпен кездесуінде жеңіске жетті. Ол қарсыласын 50-ші секундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл Хамитовтың кәсіби карьерасындағы жиырмасыншы жеңісі. AMC Fight Nights турнирінде қазақстандың спортшының қарсыласы соңғы сәтте өзгерген. 

Аралас жекпе-жекте Хамитовпен басында Магомед Магомедов, кейін Алексей Ильенкомен шығатыны хабарланды. Соңғы сәтте ресейлік файтер Максим Пантелеевпен шықты. Ресейік басылымдардың хабарлауынша, Пантелеевтің бұл екінші жеңілісі.

ММА файтерін Қазақстанда сот отырысы күтіп тұр. Ол ҚР ҚК-нің 272 бабы 3 бөлімімен жауапқа тартылып, Алматы аудандық сотына шақырылды. Оған билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақырубойынша айып тағылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk