28-02-21 | 09:44
Қырғызстан президенті наурызда Қазақстанға келеді.
Қырғызстан президенті наурызда Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров наурыз айының басында Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі Telegram парақшасы арқылы хабарлады.

2021 жылғы 2-3 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған.

 Сонымен қатар Қырғыз Республикасының президенті Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді.

Айта кетейік, президент сайлауында жеңіске жеткен Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының тұрақты әрі байыпты дамуға бағытталған ұмтылысын үнемі қолдап келе жатқан Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.