29-11-20 | 14:55
Қырғызстанда жүздеген адам конституцияны қорғау маршына шықты (видео).
Қырғызстанда жүздеген адам конституцияны қорғау маршына шықты (видео)

Қырғыз астанасы – Бішкекте жүздеген адам конституцияны қорғау маршына шықты. Қырғыздың қоғам белсенділері осымен екінші рет конституцияны қорғау бейбіт жиынына шығып отыр.

17 қарашада Қырғызстанның жоғарғы кеңесі елдің жаңа конституциясының жобасын қоғамдық талқылауға шығарған еді. Жаңа жобаны жоғарғы кеңестің 80 депутаты бастамашы болып ұсынған. Алайда кейін біраз депутаттар ол жобаға қатыспағандарын айтқан.

Жаңа конституциялық жобада президенттің құзіреті кеңейіп, атқарушы билік толықтай президенттің құзіретіне көшеді және жаңа институт – халық құрылтайы енгізіледі делінген.  Парламент депутаттарының саны 120 дан 90 адамға дейін қысқарады.

Қырғыз қоғамында жаңа конституция жобасы қызу талқыланып, қоғам белсенділері жаңа жобаға қарсы шығып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk