25-03-20 | 15:31
Қырғызстанның үш қаласы мен үш ауданында төтенше жағдай енгізілді.
Қырғызстанның үш қаласы мен үш ауданында төтенше жағдай енгізілді

Фото: РИА Новости/Табылды Кадырбеков

25 наурызда таңғы сағат 8-ден 15 сәуірге дейін Қырғызстанның үш қаласы мен үш ауданында төтенше жағдай енгізіледі. Бұл аймақтарда тәртіп күшейтіледі. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

24 наурызда кезектен тыс жиналыс өткізген парламент президенттің төтенше жағдай туралы жарлығын бекітті.

Президент пен парламент уақытша арнайы орган – комендатура енгізіп, оны басқаратын комендантты тағайындайды. Елдегі тәртіпті құқық қорғау органдары ғана емес, қарулы күштер де бақылайды.

Бішкек коменданты болып ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Орозалиев тағайындалса, Ош қаласы, Ноокат пен Кара-Суй аудандарының коменданты қызметін облыстың ішкі істер департаментінің басшысы Мәлік Нұрдинов атқарады. Жалал-Абад қаласы мен Созақ ауданының коменданты қызметіне Женишбек Жоробеков тағайындалды.

Қырғызстанда төтенше жағдай енгізілетін аймақтарда комендант сағаты болады. Бұл уақытта көшелер мен қоғамдық орындарға шығуға тыйым салынады. Комендант сағаты кешкі сағат 20-да басталып, таңертеңгі 7-де аяқталады.

24 наурыздағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 42 адам коронавирус жұқтырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.