11-02-20 | 12:27
Қытайдан 217 адам эвакуацияланды.
Қытайдан 217 адам эвакуацияланды

Бүгін Қытай астанасы Пекин қаласынан 217 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

«Бүгін азанда Пекин қаласынан 217 Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Олардың бәрі медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Олардың арасынан науқас адам тіркелген жоқ», -деп мәлімдеді министр Е. Біртанов.

12 ақпанға жоспар бойынша 145 Қазақстан азаматы елге әкелінбек. Эвакуация соңында 343 өз еркіктерімен Қытайда қалуды шешті.

Айта кетсек бүгінгі мәлімет бойынша Қытайдың Ухань провинциясынан тараған жаңа короновирусқа 43 108 адам шалдыққан, олардың 4061-і сауығып, 1018 адам қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.