27-09-21 |
Қытайдың 15 зауыты Қазақстанда іске қосылады.
Қытайдың 15 зауыты Қазақстанда іске қосылады

Қазақстанда Қытай инвесторларының қатысуымен 15 жоба іске қосылмақ. 13 жоба жұмыс үстінде. Тағы 9 жоба талқылануда. Жалпы жиыны екі ел бірлескен 56 жоба бар.

Ал жылдың соңына дейін Қытай инвесторлары Қазақстанда 3 өндіріс орнын ашпақшы. Бұл үш өндіріс орнының жалпы құны – $210 млн. Бұл туралы Kazakh Invest хабарлаған.

Мәселен, Қытай-Қазақстан бірлескен кәсіпорын деп аталатын жаңа зауыт Алматыда ашылмақ. Зауыт диаметрі үлкен дәнекерленген болат құбырлар шығармақшы. Инвестиция – $100 млн. 300 жұмыс орны болмақ.

Сондай-ақ Қытай инвесторлары Маңғыстауда бір зауыт, Қостанай жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр.

2015 жылдан бастап, Қытай инвесторлары Қазақстанда 19 жоба іске асырған.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай 56 бірлескен кәсіпорын салу жоспарланып отырғандығы айтылған. Бұл қоғам тарапынан сынға ұшыраған. Бірақ билік жобадан бас тартпаған еді.

Сондай-ақ экс-президент Назарбаев пен Си Цзиньпин арасында «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламалары жасалған.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, 2019 жылы Қазақстанның Қытайға қарызы 11 миллиард доллар болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.