05-10-20 | 22:42
Ректор 8 жылға сотталды.
Ректор 8 жылға сотталды

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен 1,7 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған ректор мен бас есепшіге қатысты сот үкімі шықты. Жоғарғы оқу орнының бұрынғы басшысы Дамир Шыныбеков пен бас бухгалтері Жанайым Спабекованың 2013 мен 2018 жылдардың аралығында заңды тұлғалармен жалған келісімшарт жасап, ақша қымқырғандары анықталды. Сот оларды кінәлі деп танып, екеуін де 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса сотталушылардың мүлкі тәркіленетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін 2009-шы жылдан бері басқарған Дамир Шыныбеков былтыр 29 мамырда қамауға алынған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk