Ректордың люкс кабинеті қызу талқыға түсті (видео).
Ректордың люкс кабинеті қызу талқыға түсті (видео)

Әлеуметтік желі Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет ректорының люкс кабинетін қызу талқыға салды. 250 шаршы метрлік аумақта демалатын, жуынатын, қонақ қабылдайтын және келіссөз жүргізетін бөлмелер орналасқан. Жоғарғы оқу орын басшысының жұмыс орнын жабдықтауға ғимараттың тұтас бір корпусы бөлінген. Видео JexeNews-тің Telegram-дағы каналы мен “Литер” басылымының youtube-тағы арнасында жарияланды. Қазір ректордың міндетін атқаратын Мұхтар Байжұманов бұл кабинетке өзіне дейінгі басшының иелік еткенін айтады.”Мен мұны растаймын. Университетке тексеру жүргізілетін болады. Мен бұл кабинетті алмаймын. Басшыға 50 шаршы метр де жеткілікті. Ал, басқа бөлмелер студенттерге беріледі”, – деді ректордың міндетін атқарушы.
Қазір университеттің қаржылық-шаруашылық қызметіне заңды бұзу дерегі бойынша сыртқы аудит жүргізіліп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk