Ресей басылымы: Қазақстандағы ашаршылыққа ауа-райының қолайсыздығы себеп болған.
Ресей басылымы: Қазақстандағы ашаршылыққа ауа-райының қолайсыздығы себеп болған

Мәскеу Мемлекеттік Университетіне қарасты Ақпараттық-сараптамалық орталық қазақ жеріндегі ашаршылық туралы “Уроки голода 1932-33гг.- зачем подменяют факты?” деген атпен мақала жариялапты.

Мақала авторы Ольга Сухаревская 1932-1933 жылғы ашаршылықты асыра бағалап, ұлттар арасына іріткі салу үшін саяси мақсатқа пайдаланып отыр депті. Автор қазақ халқының басынан өткен ғаламат жұтқа Совет өкіметінің қатысы жоқ, тіпті жоғарғы кеңес оларға қол ұшын созып, аштықтан алып шықты дейді. Сонымен қатар ашаршылық ауа-райының қолайсыздығы мен өзге емес, өз іштеріндегі жергілікті биліктің кесірінен болды депті.

Ольга Сухаревская “Аштықтың себебі көп: егіннің бітік шықпауы, табиғи апат,соғыс” деп тізбектей келе: “XIX-XX ғасырларда Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанда ашаршылық үнемі болып тұратын. 1873, 1880, 1883, 1891, 1892, 1897, 1898, 1901, 1905, 1906, 1907, 1908, 1911 и 1913 жылдар аштық ерекше болған уақыт” деп 1932-33 жылғы зұлматты солардың бірі ғана деп көрсеткісі келіпті.

“1932-33 және 1947 жылдар ашаршылықтың соңғы кезеңі болғандықтан СССР-дің бұрынғы тұрғындарының санасында қалып қойған шығар деген болжам айтып, мұны біреулердің қасақана үгіттеуі, провакация” деп жазыпты автор.

«Почему речь о пропаганде? Да потому, что в 1932-33 годах голод был не только в СССР. В своей монографии «1932-1933 годы: голодомор в Европе и Америке. 1992-2009 годы: геноцид в Украине» Елена Мазур и Николай Лативок приводят выдержки из европейских и американских газет, свидетельствующие о миллионах голодающих и тысячах умерших от голода в Польше, Чехословакии, Румынии, Германии и даже США в те годы. Причём данные о «голодных» потерях 1932-33 годов в Соединённых Штатах до сих пор засекречены, о них не упоминают в исторических трудах, зато вовсю муссируются данные, подчас вымышленные, о трагедии тех лет, происходившей в Советском Союзе» деп жазылған мақалада.

Украинадағы 1932-1933 жылғы ашаршылықтан бастап деректер ойдан шығарылғанын айтқан мақала авторы Ольга Сухаревская: «жол апатынан қаза тапқан», «шатырдан құлаған», «ішімдікке салынып өлген», «шахтада қаза болған», «найзағай соққан» деген сияқты өлім-жітімді де  аштықтан қаза тапқандар тізіміне қосып жіберген дегенді айтыпты. Сөйте келе Қазақстандағы ашаршылыққа қатысты “геноцид” деген тұжырымды жоққа шығарады.

«…тему «геноцида казахов» поднял сотрудничавший с Третьим рейхом М. Шокай, а развил -американский антисоветчик-пропагандист Р. Конквест. Например, цифру жертв голода 1932-33 гг., в зависимости от степени политической ангажированности, эти люди указывают от 1 до 1,84 млн человек. А профессор Х. Абжанов и вовсе говорит о «не менее трёх миллионов». Притом что, согласно переписи 1926 года, в СССР на тот момент проживало 3 968 289 этнических казахов. В 1939 году перепись показала наличие 3 100 949 этнических казахов на территории Советского Союза» деп жазыпты автор мақалада.

“1932-33 жылдардағы Қазақстанда болған жұтта қазақтар ғана зардап шеккен жоқ, осы елде тұратын басқа да ұлт өкілдері жапа шекті” дейді Ольга Сухаревская өзінің мақаласында.

Автор Қазақстандағы 1932-33 жылдардағы аштықты ауа-райының қолайсыздығы, сосын өзге емес өз іштеріндегі жергілікті биліктің кесірінен болды деп жазады.

«В качестве объективных причин следует назвать неблагоприятные погодные условия. В Казахстане случилось стихийное бедствие в виде зимнего дождя при минусовой температуре. Снег в степи мгновенно покрылся ледяной коркой, о которую резал ноги пасущийся скот и погибал от незаживающих ран и невозможности больными ногами добывать корм из-под снега…

…К субъективным факторам следует отнести поведение властей на низшем, местном уровне. Ведь изымали зерно, реквизировали скот, давили на нежелающих вступать в колхозы, отнюдь не приехавшие откуда-то со стороны чужаки, а свои собственные кадры. Речь не о Ф. Голощёкине, вдохновлявшем «раскулачивание» в Казахстане. Политика коренизации, проводившаяся с 1920 года, к 1929 г., когда был снят запрет на переселение в республику выходцев из европейской части СССР, привела к уменьшению численности русского и украинского населения Казахстана на 700 тыс. человек. В первой половине 1930-х казахи составляли 69 % сотрудников райисполкомов и возглавляли 65 % аулсоветов при 57,1% казахов в численности населения республики. Увы, но списки «коренизаторов» и наказанных государством виновников голода 1932-33 гг. практически дублируют друг друга» деп қазақ тарихындағы ғаламат жұтқа қазақтардың өздері кінәлі дегенге келтіреді.

Тіпті Орталық Кеңес ашығып жатқан Қазақстанға қол ұшын созбақшы да болды, тек көмек тиісті жерге жетпей қалды дейді. Сөйтіп, халыққа мал таратып беріп, ет салығынан босталды, солайша Совет Үкіметі қазақ халқын аштықтан құтқарыпты-мыс.

Мақала соңында автор тағы да бұрынғы СССР халықтарының арасына іріткі салушылар 1932-33 жылдардағы ашаршылықтан түймедейді түйедей еткісі келетінін айтыпты.

Ата кетейік, 1932-33 жылғы қазақ жерінде болған алапат жұтты ғалымдар “қазақ халқына жасалған генацид” деп тану керек екенін, саяси баға берілуі керектігін айтуда.

 

“Ашаршылық қазақ халқына жасалған геноцид”

Валерий Михайлов: Ашаршылыққа қалай да саяси баға берілуі керек

Бейбіт Қойшыбаев: Үш бірдей ашаршылықта 4,5 миллиондай қазақ опат болды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.