Ресей нөмірімен жүрген көліктерден қауіп көп.
Ресей нөмірімен жүрген көліктерден қауіп көп

DATAmetrics консалтинг компания Қазақстанда Ресейдің мемлекеттік нөмірімен жүрген көліктер туралы 14 облыста және және республикалық маңызы бар үш қалада сауалнама жүргізген. Оған 1077 адам қатысқан.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 74% Ресей нөмірімен жүретін автокөлік жүргізушілеріне наразы екендерін айтқан.

Сауалнамаға қатысқандардың 48% Ресей нөмірімен жүретін көлік жүргізушілері жол ережесін бұзып, жол көлік оқиғасына тап болған жағдайда жазадан сытылып кететіндігін айтқан. Сауалнамаға қатысушылар ондай көлік жүргізушілері жылдамдықты асырады, жол белгілеріне қарамайды, жол ережелерін жиі бұзады.

Мәселен, егер Ресей нөмірімен жүретін көлік адам қақса, оны табу өте қиын. Оған бірнеше ай уақыт кетеді. Бұл Ресей нөмірі бар көліктерге деген жұрт наразылығының кезекті бір көрінісі.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.