Ресей С5+1 форматына неге қарсы?.
Ресей С5+1 форматына неге қарсы?

Ресей Вашингтон Орталық Азияның бес елімен орнатқан «С5+1» форматындағы әріптестікті теріс пиғылда пайдалануы мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер миинстрі Сергей Лавров 15 қаңтарда Ресей дипломатиясының 2017 жылғы қызметін қорытындылаған баспасөз жиынында айтты.

Ресей Сыртқы істер министрінің айтуынша, АҚШ Орталық Азия елдерінің С5+1 форматын өзінің құйтырқы саясатында пайдалануы мүмкін.

Сергей Лавровтың пайымдауы бойынша, америкалықтар Орта Азия елдерін “Үлкен Орталық Азия” жобасына қосқысы келеді. Сол себепті де ол Орталық Азия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты бұзуға бағытталған. Саясаткер жобаның мақсаты «оңтүстіктегі барлық істі Ресейді араластырмай, Орталық Азия елдерімен бірге жасауға» әкеліп саятынын айтып, аймақта бұл жобаны іске асыру әрекеті зиян тигізетінін ескертті. 

“Бұл форматтың түпкі мақсаты – Ресей Федерациясының қатысуынсыз, Орталық Азиядағы оңтүстік елдерінің белсенділігін арттыру”, – дейді Сергей Лавров.

Ресей Сыртқы істер министрлігі ОА елдерінің әртүрлі бағыттардағы әріптестігіне қарсы емес екенін, бірақ өзара келісімдерге зияны тимегенін қалайды.

Сергей Лавров Ресейдің ірі еуразиялық жобасы Еуразия құрлығын біріктіруге бағытталып, біртіндеп барлық елдерді өзара тиімді серіктестікке шақыратынын атап өтті.

Айта кетсек, С5+1 форматы – Орталық Азиядағы ірі жобалардың бірі. Бұған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және АҚШ елдері кіреді.
Дереккөз: ult.kz
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.