23-01-21 | 16:43
Ресейде 48 градус аязға қарамастан Навальный жақтастары наразылыққа шықты.
Ресейде 48 градус аязға қарамастан Навальный жақтастары наразылыққа шықты

Ресейде Алексей Навальныйдың жақтастары күннің үскірік аяздығына қарамастан наразылық акцияларына шықты.  Елдегі күштік құрылым ереуілші топты ұстап жатыр.

Ресейдің бірнеше қаласында көшелер жабылды. Наразылыққа шыққандар саясаткер Алексей Навальныйды қамаудан босатуды талап етті.

Митинг  Хабаровск, Владивосток, Магадан мен Оңтүстік Сахалинскте және тағы басқа қалаларда өтуде. Ереуілшілер Ресейдің азат болатынын айтып, ұрандап жатыр.

Владивостоктағы ереуіл туралы Алексей Навальныйдың жергілікті штабы хабарлап отыр.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный Мәскеуге 17 қаңтарда «Победа» ұшағымен Германиядан оралды. Саясаткер әуежайда қамауға алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk