28-11-19 |
770 рет қаралған
Ресейде Ninety one туралы фильм көрсетіледі.
Ресейде Ninety one туралы фильм көрсетіледі

фото: brod.kz

Қазақ музыка әлемінде жаңаша бағыт қалыптастырған Ninty one тобы туралы «Петь свои песни» деп аталатын режиссер Катерина Суворованың деректі фильмі Ресейде көрсетілмек.

Фильм Ресейдің Мәскеу және Петербор қалаларында 5-12 желтоқсан аралығында өтетін «Артдокфест» халықаралық деректі фильмдер кинофестивалі аясында көрсетіледі.

«Ninty one тобының қазақ тинейджерлері арасында танымал болуы қоғамның бір бөлігінің қарсылығына тап болып, соның кесірінен қарсылар көшеге шығып, топтың алдын ала белгіленген концерттері өтпей қалды және топқа билік тарапынан қысым жасалды.

Ninety One тобының құрылуы, сахнаға шығуы Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік және мәдени қарама-қайшылықтарды көрсетті. Яғни, ауыл мен қала мәдениеті, дәстүр мен жаһандану, билік пен адамның жеке бостандығы арасындағы толып жатқан қайшылықтарды ашты» делінген деректі фильмнің аннотациясында.

«Артдокфест» халықаралық деректі кино фестиваліне орыс тілінде түсірілген фильмдер қатысады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.