Құрманғазының тойы: Ресейде күйшінің 195 жылдығы, Қазақстанда 200 жылдығы тойланып жатыр.
Құрманғазының тойы: Ресейде күйшінің 195 жылдығы, Қазақстанда 200 жылдығы тойланып жатыр

Ресейдің Астрахань облысы, Володар ауданына қарасты Алтынжар ауылында әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 195 жылдығы аталып өтті.

Бұл туралы zhasalash.kz сайты егжей-тегжейлі жазады. Ал Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен күй атасы – Құрманғазының 200 жылдығы аталып өтіп жатыр. Күйшінің туған жылына қатысты қайшылықтан туындаған мәселеге қатысты мәдениет және спорт министрлігі әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.

фото - tengrinews.kz
фото – tengrinews.kz

Осыған дейін zhasalash.kz сайты министрліктің күйші туған жылды шатастырып отырғаны туралы бірнеше материал жарияланған. Енді міне, Ресейде Құрманғазының 195 жылдығы тойланып отыр. Министрлік неліктен күйшінің 200 жылдығы датасын тойлап жатқанын, ол деректі қайдан, қалай алғаны сондай-ақ, қандай тарихи деректерге сүйенгені туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

1996 жылы күйшінің 100 жылдығы тойланып, Ресейдің Астрахань облысы, Володар ауданындағы зиратының басына кесене орнатылып, оның ашылуына президент Н.Назарбаев қатысқаны белгілі. Ал “ҚазАқпарат” агенттігі биыл сәуір айында күйшінің туған жылы жайлы материал жариялап, онда комиссия қортындысын келтірген:

«ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туған-өлген жылына қатысты сарапшылық комиссияның қорытындысын хабарлайды.

Архив деректері мен зерттеушілер М.Жолжанов, Қ.Жұмалиевтің, И.Кенжалиевтің, Ұ.Рахматуллиннің пікірлерін мұқият сараптай отырып, сарапшылық комиссия халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы туып, 1896 жылы дүние салған деген қорытындыға келді. Мұндай тоқтамға келуге, әсіресе, Астрахан облыстық архивінен табылған құжаттар бұлтартпас дәлел бола алады.

Сарапшылар комиссиясының мүшелері:

Ерзакович Б.Г. – өнертану ғылымының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.

Қасқабасов С.А. – филология ғылымының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.

Қарақұлов Б.И. – өнертану ғылымының докторы.

Сейдімбек А.С. – филология ғылымының кандидаты». Бұл туралы 1996 жылы қыркүйек айында бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған еді”.

Жалпы, google іздеу жүйесінде Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығының 2013 жылы тойланғаны туралы ақпараттық мұрағаттар молынан кездеседі. Ал биыл – 2018 жыл. Жоғарыда айтылғандай, Ресейдің Астрахань облысы, Володар ауданындағы шара келтірілген дерекке сәйскес, күйшінің 195 жылдығын атап өтуде. Мәдениет және спорт министрлігі болса, Құрманғазының 200 жылдығы деп отыр.

Айтпақшы, Ресей Федерациясы Астрахань облысы, Володар ауданындағы Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесінде де күйшінің туған жылы 1823 жыл, өмірден озған уақыты – 1896 жыл деп бедерленіп жазылған. Оны төмендегі суреттен анық көруге болады.

фото - weproject.kz
фото – weproject.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.