Әр кезеңнің өз қозғаушы күші бар десек, бүгінгі жаңа заманның кілтін қолына ұстаған жастар білімді, білікті әрі қабілетті. Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылған «Еңбекқор жастар» жобасы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылды елді-мекендердеге жұмысқа тұрып, ауылдың көркеюіне үлесін қосып жүрген жастармен сұхбаттасудың реті туды.
Солардың бірі – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық орталық ауруханасы дәрігерлік амбулатория және кенттің жалпы практика дәрігері Айдана Жаңбырбайқызы Жаңбырбаева (суретте). Негізі Алматы облысының тумасы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін тәмамдаған.
− ЖОО-нын бітіргеннен кейін бірден қалаға емес ауылға барып жұмыс жасауға не түріткі болды?
− Отбасыммен Ақтау қаласына қоныс аудардық. Мен жұмыс істеп жатқан Ақшұқыр деген ауыл қалаға жақын орналасқан. Оның үсіне қоныстанған халқы қазақи. Бұған қоса, медициналық жағынан жақсы дамыған. Қажетті аппараттардың барлығы дерлік қамтамыз етілген. Бұл ауылда жұмыс жасағаныма биыл 3 жыл болады. Осы факторларды ескере отырып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша аталған ауылға жұмысқа орналасуға шешім қабылдадым.
− «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сізге қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?
− Алғаш ауылға маман болып орналасқан кезде 160 мың теңге берілді. Одан кейін үй алу турасында ұсыныс жүргізіліп жатыр. Тұрмысқа шығуыма баланысты бұл ұсынысқа нақты шешім қабылдаған жоқпын. Негізгі бағдарламаның шарты бойынша берілетін үйдің шамамен 3 жарым млн теңгесін мемлекет төлейді. Қалған қажетті қаражатты өзін ипотека арқылы алуыңа болады. Жалпы алғанда 6 млн теңге көлеміндегі үйді бағдарлама бойынша таба аламыз. Әлбетте, жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғандықтан ең төменгі пайызбен беріледі. Шамамен 15-16 мың теңге ай сайын төлеп отыру керек болады.
Екінші жеңілдік, ауылды жерлерде жұмыс істейтін мамандардың айлығын көбейтуге көңіл бөлінген. Осы жазда айлығымыз 25 пайыз қосылды. Бұл біз үшін үлкен көмек. Оған дейін мардымсыз жалақы алатынбыз. Бұның барлығы мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан көмектің арқасы дер едім.
− Ауылды жерде жұмыс істеудің сіз үшін артықшылықтары қандай?
− Дәл менің саламда артықшылықтар өте көп. Алдымен ауылдың адамдары көп нәрдесен хабарсыз. Сондықтан оларға толық ақпарат беру арқылы жақын байланыс орнатуға тырысамыз. Барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп отырамыз. Мен өзім барлық науқастарды қабылдайтын ортақ дәрігер болғандықтан көп тәжірбие жинауға мүмкіндік туып отыр. Қандай науқас келсе де алғашқы көмекті біз көрсетеміз. Сол арқылы өз біліктілігімізді арттырамыз. Бұл бүгінгі еңбек жолын бастаған жастар үшін ауадай қажет деп ойламын. Медицинаны қанша оқысақ та, оның түбіне жеттік, толық меңгердік деп айта алмаймыз. Десе де практикалық жұмыстар, күнделікті науқастармен етене байласын орнатудан келер пайда мол.
Ауылды жердің тағы бір артықшылығы қалалы жерлерде өтетін семинарларға бірінші кезекте бізді жібереді. Бұл дегеніміз бізге берілген мүмкіндік, білім алуымызға жағдайдың жасалып отырғаны.
− Жастарды ынталандыру қаншалықты маңызды?
− Ең алдымен кез келген жастың өз ынта-жігері болуы керек деп ойлаймын. Онсыз қанша үгіттесең де, «ауылға кел» деп алтыннан сарай салсаң да нәтиже бермейді. Қоғаммен етене байланыс орнатуға бағытталған салалар үшін адаммен байланыс орната білудің маңыздылығы орасан зор.
Екінші мәселе – баспанамен қамтылу. Үй алуға мүмкіндік туғанымен оның да өз қиындықтары жетіп артылады. Әсіресе, сабылтып жүгіртіп қоятын сәттері аз емес. Қаншама қағаз жинауың керек, барлығын сырып тастап жүгіруге тура келеді. Оның үсіне қаншама тергеу-тексеру бар. Осыдан қажыған жастар одан да несиеге ала салғанымыз артық деп санайды. Сондықтан баспана алу қолжетімді болса, жағдаймыз жақсарар еді.
Жастар жылы қарсаңында ауылды жердегі мамандарға әлемнің озық медициналық орталықтарынан тәжірбиеден өту жағы қарастырылса деген тілегіміз бар.