10-06-19 |
13270 рет қаралған
Досым Сәтпаев: Оппозицияның дәуірі аяқталды.
Досым Сәтпаев: Оппозицияның дәуірі аяқталды

Үстіміздегі жылдың 9 маусымында өткен президенттік сайлаудан кейін белгілі саясаттаушы Досым Сәтпаев бізге еліміздегі саяси өзгерістерге қатысты болжамдарымен бөлісті.

Саясаттанушы өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында қоғамның санасында өзгеріс байқала бастағанын айтып, «билік қанша қаласа да мемлекет енді бұрынғыдай болмайды» деген еді. Біз сұхбатымызды осы мәселе төңірегінде бастап, мемлекет енді қандай болады деген сұрақ қойған едік.

Досым Сәтпаев:

19-наурыздан кейін қоғамның саяси санасы өзгерді. Егер бұрын олар «саясат менің жұмысым емес, ол қауіпті десе», 19 нарыздан кейін олар өз көзқарастарын күрт өзгертіп жіберді. Бұл билік тарапынан жасалған көптеген адекватты емес шешімдердің салдары.

Қоғамдық сана өзгеріп жатыр деп жиі айтып жүрмін ғой. Меніңше, қазір әсіресе, жастар саяси белсенді. Сосын бір қызығы, олардың наразы алаң туралы түсінігі бөлек және тағы бір ескеретін нәрсе, олар өздерін ескі оппозициямен байланстырғанын қаламайды. Сайлауалды, сайлау кезіндегі саяси науқаннан кейін бұрынғы оппозицияның дәуірі аяқталды деп есептеймін. Ешқандай саяси тәжірибесі жоқ, бірдеңені өзгертуге де құлқы болмаса да жастар оппозиция алаңында ешқандай әлеуметтендірілген наразы топ, партия, қоғамдық тұлға жоқ екенін көрді. Оларға ешкім ұстаз бола алмайтынын байқады.

Араша: Яғнғи сіздің пікіріңізше, жуық жылдарда саяси алаңда жаңа, жас тұлғалар пайда болады ғой?

Досым Сәтпаев: Осыдан бірнеше жыл бұрын өз сұхбаттарымда Назарбаев кеткеннен кейін саяси транзит болатынын айтқанмын. Әзірге билікте ондай классикалық транзит жоқ. Қазір әртүрлі тәсілмен кво-статусын сақтап отыр. Ал Назарбаевтан кейін билік кураторсыз қалғанда түрлі кесіп-болжауға келмейтін жағдайлар болады, жаңа көшбасшылар шыға бастайды.

Араша: Ал қоғамдық сананың өзгеруі тек қана әлеуметтік желі белсенділерінде ғана болып жатқан сияқты емес пе?

Досым Сәтпаев: Егер әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, барлығы белсенді аз топтан басталады. Көпшіліктің қалыптасқан жүйесі бірден өзгеріп кетпейді. Дәл осы аз топ бірте-бірте көбейе береді. 19 наурыздан кейін саяси белсенділік танытқан жастар да бұған дейін өз араларында қоғамда айтылып жатқан әңгімлерді талқылады, оқыды, көрді емес пе. Бұл осы адамдардың болашақта саяси тұлғаға айналуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Араша: Көп адамның оппозиция өкілі Әміржан Қосановтан көңілі қалды. Қазіргі билік өкілі, президент Қасым-Жомарт Токаев экзитполл нәтижесі бойынша 70% дауыс жинады. Бұған да көптеген адамдар наразы. Бұл жағдайлар елдің сағын сындырып, саяси белсенділігін күрт төмендетіп жібермей ме?

Досым Сәтпаев: Менің ойымша халықтың белгілі бір бөлігінің белсенділігі түседі, бірақ қалған бөлігі тәжірибе жинайды.  Бізді өлтіре алмаған нәрсе – шынықтырады. Тіпті көңілі қалғандардың өздері белгілі бір деңгейде саяси тұрғыда тәжірибелі болады.

Сұхбаттасқан Балжан Жеңісқызы

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.