СІМ Қазақстандағы “белгісіз пневмонияға” қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.
СІМ Қазақстандағы “белгісіз пневмонияға” қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

Қытай елшілігі Қазақстандағы “белгісіз пневмонияға” қатысты ақпаратқа елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен сөйлескеннен соң өзгеріс енгізді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Біз серіктестерімізбен, оның ішінде, Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмыс істейміз. Бұл жаңалық шыққаннан кейін дереу жаңа денсаулық сақтау министрі (Алексей Цой) телефон арқылы әңгімелесті. Әңгіме барысында мәселе шешілді. Бұл статистиканың қалай жүргізілетіні жөнінде қажетті түсініктемелер берілді”, – деді Ашықбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, нәтижесінде екі тарап та – Қазақстан да, Қытай да эпидемияға қарсы қызметті объективті ақпарат берудің маңызын және “Қазақстандағы пневмония туралы ақпаратты еркін интерпретациялауға жол бермеу” керегін атап өтті.

“Қытай елшілігі азаматтары арасында таратқан ақпаратқа өзгеріс енгізетіні шешілді”, – деді Ашықбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.