11-11-19 | 10:25
Сағынтаевқа Тәуелсіздік күнінен жаңа жыл қымбат.
Сағынтаевқа Тәуелсіздік күнінен жаңа жыл қымбат

Алматы қаласы әкімшілігі қаланы жаңа жылға безендіруге жұмысына білек сыбанып кірісіп кетті. Қала мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев “Біз қазір қаланы жаңа жылға безендіруге қызу кірісіп кеттік. Бірыңғай брендбук жасадық. Бұл техникалық құжат жаңа жыл безендіруге қатысатындардың бәріне беріледі. Біз қаланың орталығын ғана емес, шет аудандарды да жақсылап безендірмекпіз” деп қала әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңесте қуана хабарлапты. Басқарма басшысының айтуынша, басты шырша Астана алаңында қойылады. Оны 18 желтоқсанда жағады екен.

Әкімшіліктің бұл ісіне қарап, Сағынтаев командасы үшін Тәуелсіздік мерекесінің құны жоқ, елеусіз күндердің бірі іспеттідей көрінеді. Мемлекетіміздің ең басты, ең құнды да қастерлі мерекесінде дайындық туралы бір ауыз сөз айтпаған қала шенеуніктері жаңа жыл сондай көңілді болу үшін барын салғалы отырғанға ұқсайды. Кезінде үкімет басқарған, қоғам тарапынан Тәуелсіздік мерекесінің жаңа жылдың көлеңкесінде қалатыны туралы жыл сайын айтылатын сынды естіп келе жатқан Сағынтаевтың сол сыннан қортынды шығармай, сол баяғы советтік санамен шырша жағуға асығып жүргені қынжылтады. Сағынтаевпен оның командасы үшін 16  желтоқсан қатардағы жәй күндердің бірі екенін мәдениет басқармасының жаңа жылға қызу дайындығы әйгілеп тұр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.