Сағынтаев: Полицейдің орнында күзетші отыр.
Сағынтаев: Полицейдің орнында күзетші отыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы бірнеше мобильді полиция посттарын ескертусіз барып, тексеріп шыққан. Сөйтсе, посттардың көбінде ешкім болмаған, тек жарығы жанып тұрған. Ал кейбір постарда кезекші полицейлердің орнында постқа жақын маңдағы сауда үйлерінің күзетшілері отырған. Қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікке салғырт қарағаны қала әкіміне ұнамаған. Сөйтіп ол қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасап, Медеу, Алмалы, Жетісу, Бостандық ауданы полиция бөлімшелерінің басшыларына сөгіс жариялауды тапсырған.

View this post on Instagram

18.11.2019 Полицияның мобильді постылары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың постылардан көрінбейтініне шағымдануда. Кеше кешкісін еш ескертусіз «Атакентте», «Мерей» СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов – Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди паркінде орналасқан мобильді пункттерді тексердім. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы С. Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды. Атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынады. Алматылықтардың қауіпсіздігі — біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. —— Горожане, хорошо воспринявшие инициативу по мобильным постам полиции, пожаловались в комментариях, что участковых не заметно на постах. Вчера вечером без предупреждения проверил мобильные пункты, расположенные возле «Атакента», ТЦ «Мерей», Зеленого базара, на Арбате, на углу улиц Мендикулова – Бектурова, в парке Ганди. Лишь в одном был участковый. В других либо горел свет, но дежурного не было, либо вместо полицейских находились охранники ТЦ. Такое отношение к обеспечению общественной безопасности недопустимо! В этой связи сегодня на аппаратном совещании сделал замечание начальнику ДП города С. Кудебаеву. Поручил объявить выговоры начальникам полиции Медеуского, Алмалинского, Бостандыкского, Жетысуского районов. Акимам районов также сделано предупреждение за отсутствие контроля. Замечания горожан по проводимой работе принимаются во внимание. Безопасность алматинцев — один из главных приоритетов нашей работы.

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.