26-11-20 | 23:01
Сәбилердің 80% қазақ. Бірақ қазақтың саны өзбек, тәжік және қырғыздан төмен.
Сәбилердің 80% қазақ. Бірақ қазақтың саны өзбек, тәжік және қырғыздан төмен

1987 жылы ел тарихында ең көп бала дүниеге келген екен. Нақтырақ айтсақ аталған жылы 417 мың бала өмір есігін ашқан. Ал биыл туылған балалар 33 жыл бұрынғы рекордты жаңартуы мүмкін. Жалпы еліміздегі халықтың саны қашан 19 миллионға жетеді? Сондай-ақ дүниеге келіп жатқан нәрестелердің қанша пайызы қазақтар?

Демографиялық статистика зерттеушісі Мақсат Имандосовтың айтуынша, еліміздегі табиғи өсімнің қарқыны жоғары. Мәселен  соңғы 10 жылда 1990-2000 жылдары дүниеге келген балалардың санымен бірдей сәби дүниеге келген. 

«Осы жылдардағы демографиялық құлдырауға қарамастан сәбилердің саны азаюдың орына қарқынды өсіп жатыр. Демек алдағы 20 жылда жаңа туылатын балалардың саны артып немесе жоқ дегенде қазіргі өсімді сақтап қалады. Тіпті табиғи өсім рекордтық деңгейге жетуі де мүмкін. Мәселен биыл 1987 жылғы рекорд жаңарады деп ойлаймын. Алда әлі 3 айда бар екенін ескерсек, биылғы өсім 417 мыңнан сәл аз немесе сәл жоғары болуы мүмкін. Жалпы жыл соңына дейін кем дегенде 415 мың бала дүниеге келеді деп болжанып отыр.

Қазір еліміздегі халықтың саны 18,9 миллион адам болса, 1987 жылы 16,2 миллионды құрады. Әдетте балалардың көп бөлігін 19 жастан 30 жасқа дейінгі әйелдер туады. Мысалы қазір 1990-2001 жылғы әйелдер босанып жатыр. Себебі 1987 жылы дүниеге келген балаларды 1957-1968 жылғы әйелдер туған болатын», – дейді ол.

Мақсат Имандосов 1990 жылдары еліміздің жағдайы қиын болғанын айтады. Мәселен туу коэффициенті күрт төмендеп, халық жаппай елден көшіп кеткен. «Осының салдарынан халық саны 1,9 миллион адамға азайып, 1990-2001 жылдар аралығында туылған балалардың жалпы саны 3 миллионды құрады. Ал 1957-1968 жылдары Қазақстанда не болды? Тың және тыңайған жерді игеру үшін елімізге 3,8 миллион адам көшіп келді. Сол себепті 1957-1968 жылдары 4 миллион бала дүниеге келді. Қазіргі таңда еліміз бойынша туудың жалпы коэффициенті 2,9 құрайды. Ал аймақ бойынша ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысы және Алматы қаласына (2.0) тиесілі. Керісінше Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облысында ең көп бала дүниеге келіп жатыр. Сондан кейінгі орында Атырау мен Ақтөбе облысын айтып өткен жөн» – дейді ол.

Алайда ол халқымыздың табиғи өсімі өзбек, тәжік және қырғыз елінен төмен екенін айтады. Керісінше Ресеймен салыстырғанда еліміздің табиғи өсімі өте жоғары көрінеді.

«Шыны керек демографияда нақты бір болжам жасау қиын. Мәселен Ресейдің атақты демографтары осыдан 3 жыл бұрын «Қазақстанда туу көрсеткіші төмендейді» деп айтқан болатын. Алайда қазір керісінше еліміздегі табиғи өсім жоғары болып жатыр. Мәселен 2 миллион тұрғыны бар Түркістан облысындағы табиғи өсім Краснодар облысы мен Санкт-Петербург қаласынан жоғары болып отыр. Санкт-Петербург қаласында 5 млн 400 мың, ал Краснодар облысында 5 млн 7 мың адам тұрады. Мұндай жағдай бұрын-соңды тарихта болған емес. Сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан облысының туу көрсеткіші Мәскеу облысынан жоғары. Мәскеу облысы Ресейдегі ең  (7 млн 700) халқы көп аумақ. Үш миллион тұрғыны бар Шымкент пен Түркістан облысында 66 мың, Мәскеу облысында 60 мың бала туылған. Яғни, еліміздің қос өңірінің туу көрсеткіші Мәскеу облысынан 10 пайызға жоғары болып отыр», – дейді Мақсат Имандосов.

Мақсат Имандосов дүниеге келіп жатқан балалардың 80 пайызы қазақтар екенін айтады. Сондай-ақ ол 2021 жылдың ақпан-наурыз айында 19 миллионға жетуіміз мүмкін екенін ескертті. Өйткені қазір еліміздегі халықтың саны 18 млн 850 мың шамасында. Ал 19 миллион болуға қажетті 150 мың халық келер жылдың наурыз айында табиғи өсім арқылы 

 

Серік ЖОЛДАСБАЙ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk