02-04-21 | 15:34
Сағынтаев кәсіпкерлерге қалай қолдау көрсететінін айтты.
Сағынтаев кәсіпкерлерге қалай қолдау көрсететінін айтты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңір деңгейінде бизнесті қолдау мақсатында кешенді шара дайындалғанын айтты. Шаралар кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соның ішінде өңірлік және қалалық іскерлік кеңестің отырыстарында коммуналдық төлемдер, жұмыс істемеген кездегі жалдау ақысы бойынша қарыздарды жою шаралары ұсынылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Кәсіпкерлерді қолдау бойынша дайындалған іс-шаралар пакеті орта кәсіп шығындарын, коммуналдық төлемдерін толық субсидиялауды, қоғамдық жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатуды, базарлар мен ойын-сауық орталықтарында орынды жалға алушылардың жалдау ақысының 30%-ін субсидиялауды қарастырады», – деді әкім брифинг кезінде.

Сағынтаев қолдау шаралары бизнес-қауымдастық және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге талқыланатынын атап өтті.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде бірқатар қолдау шаралары дайындалған. Соған сәйкес, жұмысы тоқтаған немесе шектеу шаралары енгізілген бизнеске салықтан, төлемдерден, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату, несиелерді төлеуді кейінге шегеру секілді қолдау көрсетіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.