05-01-20 |
1770 рет қаралған
«Ақ жол» партиясы парламенттік оппозиция туралы заң жобасын ұсынбақ.
«Ақ жол» партиясы парламенттік оппозиция туралы заң жобасын ұсынбақ

«Ақ жол» партиясы парламенттік оппозиция туралы заң жобасын ұсынбақ.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта: «Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2013 жылы дайындаған парламенттік оппозиция туралы заң жобасын алдағы апталарда ұсынады» делінген.

Партияның мәлімдеуінше, заң жобасы халықаралық озық тәжірибелер негізінде және отандық парламенттік тәжірибені ескере отырып әзірленген.

Заң жобасы партияның 13 желтоқсанға дейін жалғасатын депутаттардың ауыл-аймақтарды аралап, сайлаушылармен кнздесуінде талқыланбақ. Сондай-ақ партия заң жобасына қатысты ұсыныс-пікірлерге де ашық екенін мәлімдеген.

Былтыры 20 желтоқсанда өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев парламенттік оппозиция туралы айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.